Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Сурет: Нұрғали Жұмағазы
145
оқылды

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Осылайша Аянат қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келіні еңсерді.

Қытайлық Хэ Жэньсю алтын медаль жеңіп алды - 258 (118+140). Рейхане Карими (Иран) үздік үштікті түйіндеді 243 (107+136).