Алтын медальді Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов жеңіп алды.
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында жеңімпаз атанды
Сурет: Владислав Семенов
238
оқылды

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Командалық сайыстың финалында қазақстандық шпагашылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Тартысты бәсеке 43:42 есебімен отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.

Алтын медальді Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов жеңіп алды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы командалық есепте Азия чемпионатында да алтын медаль иеленді. Сонымен қатар әлем чемпионатында тарихта алғаш рет жеңімпаз атанды.