Әншілер Жанар Төлегенова мен Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желіде 1990-жылдардың стилінде түскен суреттерін жариялады.
Өнер иелері сол кезеңге тән киім үлгісін таңдап, кассеталы магнитофон, үлкен колонкалар, түрлі түсті шарлар мен 90-жылдары танымал болған музыкалық плакаттардың ортасында суретке түскен.
Кенжебек Жанәбілов Instagram парақшасындағы жазбасына «Жасанды емес тренд» деп жазған. Суреттер 13 қыркүйекте жарияланған.
