Астанада түнде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Өрт қаупі жоғары.
Тұман түсіп, үсік жүреді: 29 қыркүйекте ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
200
оқылды

Қазгидромет 29 қыркүйекте бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік және шығыс облыстарда түнде және таңертең тұман түсіп, үсік жүреді. Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді, төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Қостанайда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Павлодарда түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, ал батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда түнде 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түсіп, түнде 1-3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында түнде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі бар. Семейде түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді, жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін күшеюі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады, орталығында өрт қаупі жоғары. Қызылордада төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.