Мәдениет және ақпарат министрі 01.AI компаниясының негізін қалаушы Ли Кай-Фумен кездесті.
Арман Қырықбаев Ли Кай-Фумен цифрлық сала мен мәдениетті дамыту мәселелерін талқылады
Фото: gov.kz
134
оқылды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Ли Кай-Фумен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тараптар өзара ынтымақтастықты дамыту және жасанды интеллект технологияларын мәдениет пен ақпарат салаларында пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуде жасанды интеллект саласын дамыту Қазақстанның цифрлық жаңғыруындағы негізгі бағыттардың бірі екені атап өтілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.