Елордада Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі жүргелі бері оған мінген жолаушылар саны 10 млн-нан асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz CTS-ке сілтеме жасап.
Қыркүйек айындағы орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың жолаушыны құрайды.
Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие стансалар:
• «Университет» – 1 463 953 жолаушы;
• «Бәйтерек» – 1 208 610 жолаушы;
• «Нұрлы жол» – 1 060 068 жолаушы.
Жол ақысын бірнеше тәсілмен, оның ішінде көлік картасы, банк карталары және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
