Хуберт Айвангер Бавария бизнесінің өзара тиімді кооперацияны дамытуға айрықша қызығушылық танытатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Баварияда Хуберт Айвангермен кездесті
Фото: Ақорда
117
оқылды

Мемлекет басшысы Бавария Премьер-министрінің орынбасары – Экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны және Мюнхенде технологиялық форум өткізуге қолдау көрсеткені үшін Хуберт Айвангерге алғыс айтты.

Кездесуде Қазақстан мен Бавария компаниялары арасындағы тікелей іскерлік байланысты нығайту және технологиялық серіктестікті кеңейту перспективасы талқыланды.

Германия аймақтарының арасында Бавария Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесі саналатыны аталып өтті.

Мемлекет басшысының пікірінше, сауда-саттықты ұлғайту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру бағыттарында әлеует жеткілікті.

Хуберт Айвангер Бавария бизнесінің өзара тиімді кооперацияны дамытуға айрықша қызығушылық танытатынын жеткізді. Оның пікірінше, екі ел экономикасының өзара үйлесімділігі – Бавария компаниялары үшін үлкен мүмкіндік.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуберт Айвангер жоғары технология, өнеркәсіп, энергетика, инновация және өңірлік даму салаларындағы ынтымақтастыққа баса назар аударды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Бавария ықпалдастығының мазмұнын арттыруға ниетті екенін растады.