Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
Фото: Ақорда
118
оқылды

Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ғұмар Серғазин 2025 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған.

Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.