81 келіде Азия чемпионы саналатын Алмат Әділет 1/2 финалда Тәжікстан спортшысы Абубәкір Шеровты "вазари" әдісімен жеңді.
Дзюдодан Алмат Әділет пен Ажар Асхат Азиаданың алтын жүлдесін сарапқа салады
Фото: Нұрғали Жұмағазы
222
оқылды

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

70 келідегі Ажар Асхат жартылай финалда Анужин Уран-Улзиден (Моңғолия) 11:0 (вазари және юко әдісі) есебімен басым болды.
Әйелдер арасындағы жартылай финалда 63 келідегі Есмигул Куюлова жартылай финалда жарыс қожайыны Наруми Таниокаға ескерту саны бойынша есе жіберді.
57 келідегі Дана Әбдірова жұбаныш белдесуінде Юинг Таоны (Қытай) юко әдісімен ұтты.
Финалдық кезең Астана уақытымен сағат  13:00-де басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.