Шығыс Қазақстан облысында спорт саласы қар­қынды дамып келеді. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен негізгі на­зар спорттық ре­зервті қалыптастыру, ба­ла­лар мен ауыл жастарын спортқа тарту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталып отыр. 2026 жылдың қазан айындағы дерек бойынша, өңірде 313 мыңға жуық адам дене шы­нық­тырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл өңір халқының 45 пайызына тең.
Спорттағы серпіліс
141
оқылды

Жарыстардағы жоғары нәтижелер

Биыл Шығыс Қазақстан спортшылары халықаралық жарыстарда да жоғары нә­­­тижелер көр­сетті. Жа­по­нияда өткен XX жазғы Азия ойын­дарында олар жеңіл атлетика, семсерлесу, ескек слаломы және таэк­вон­­додан жүлделі болды. Соның ішін­де семсерлесуші Кирилл Проходов командалық есепте алтын, жеке сайыста күміс медаль еншіледі. Ал Нора Джеруто 3 000 метрге кедергі­лер арқылы жүгіруден күміс жүлдені қанжығаға байлады. 

Өңірдің спорттық әлеуетін сем­­серлесудегі нәтижелер ай­­қын көрсетіп отыр. Қазір Қазақ­стан ерлер құрамасының негізгі сапының басым бөлігін, нақты айтқанда 75 пайызын Шығыс Қазақстан спортшылары құрайды. Руслан Кур­банов, Вадим Шарлаимов және Ки­рилл Проходов халықаралық жарыс­тарда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Команда әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі болып, Қазақстан семсерлесуінің көшбасшы құрамаларының біріне айналды.

Шығыс Қазақстан үшін маңыз­ды бағыттардың бірі – спорттық резервті ерте жастан қалыптастыру. 2026 жылы Азия чемпионаттарында аймақ спортшылары 70 медаль жеңіп алса, оның ішінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы нәтижелер айрықша. Ескек есу, тау шаң­­ғысы, семсерлесу, хоккей және бас­қа спорт түрлерінде жас спорт­шы­лар халықаралық деңгейде тәжірибе жинап келеді.

Бұл үрдіс ауыл спортына да қатысты. «AUYL SPORT – 2026» жобасы арқылы шалғай ауылдардағы 470 бала жеті спорт түріне тар­тыл­ды. Ал халықтың спорттық ойындарын дамытуға ба­ғытталған XXIV облыс­тық ойындардың жалпы қам­ту көрсеткіші аудандық ірік­теулерді қоса есептегенде 15 мың адамға жетті.

­Балалар хоккейінде де бұқаралық бағыт күшейіп келеді. «Жұлдызша» турнирі­не жыл сайын 80-100 аула жә­не аудандық команда қатысып, 10-15 жас аралығындағы 1 200-ден астам бала бақ сынайды. Ал «Алтын шайба» мен «Сәулетай» жобалары жыл сайын 3 500-ден астам оқушыны қамтиды.

Биыл Қырғызстанда өткен VI Дүние­жүзілік көшпенділер ойын­дарында шығысқазақстандық спортшылар да ел намысын абы­рой­мен қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша олар бес алтын және бір қола медаль иеленді.

Әсіресе дәстүрлі садақ атудан және арқан тартудан өнер көрсеткен спортшылар жоғары нәтижеге қол жет­кізді. Аяш Қабдоллаева 60 метр қашықтықтағы «Пута» санатында жеңімпаз атанды. Шығыс Қа­зақ­­стан құрамасы арқан тартудан 8х8 және 4х4 құрамдарында ал­­тын медаль жеңіп алса, Мейір Рахметқалиев 1х1 жеке сайысында бірінші орынға ие болды. Ал Вадим Макарцов стронгмен жарысында үшінші орын алды.

ШҚО әкімі спортшылар және олардың жаттықтырушыларымен кездесіп, жоғары нәтижелерімен құттықтап, Алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табыстады. Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысының атынан Вадим Макарцовқа есімі жазылған сағат сыйлады.

19 футбол алаңы пайдалануға берілді

Ойын спорттарында да жергілікті спортшыларға басымдық беріліп отыр. Өскемендік «Торпедо» хоккей клу­бы биыл Қазақстан Кубогын жеңіп, финалда «Сарыарқаны» 8:2 есе­бімен ұтты. Хоккейдегі резерв­ті дайындау жұмысы облыстың бір­неше қаласы мен ауданында жүр­гізіледі. Бүгінде өңірдегі хоккей сек­цияларында 644 бала жаттығады.

Футбол мен волейболдың инф­ра­­құрылымы да жаңарып ке­леді. «Восток» стадионы Қа­зақстан футбол фе­дерациясының талаптарына сәйкестендіріліп жатыр. Жобаның бір бөлігіне бюд­жеттен қаражат бөлінсе, стадионның жарықтандыру жүйесі инвестор қаражаты есе­бінен орнатылған. Аудандарда 19 футбол алаңы салынды. Ал облыс орталығында ұлт­тық құрамаларға дайындық жүргізуге мүмкіндік бере­тін Волейбол орталығының құрылысы жалғасуда.

Спорт инфрақұрылымын да­­мыту тек облыс орталы­ғы­мен шектелмейді. Биыл Ақжар және Таврия ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Өскеменде тау шаң­ғысы базасы іс­ке қо­сылды. Айнабұлақ, Жарсу, Көкбастау ауылдарында спорт­тық модуль­дер орнатылып, аудандарда 19 футбол алаңы пайдалануға берілді. Қазір ауылдарда тағы бес дене шы­нықтыру-сауықтыру кешенінің құры­лысы жүріп жатыр.

«Облыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырма­сымен бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Біздің міндет – ауыл балаларына да қаладағыдай спортпен айналысуға мүм­кіндік беру. Ол үшін қолда бар ны­сандарды тиімді пайдаланып қана қой­май, олардың материалдық-техни­калық базасын тұрақты түрде жақ­сарту қажет. Жас спортшыларға жағ­дай жасау, бұқаралық спортты да­мыту және балалардың спортқа де­ген қызығушылығын арттыру ба­ғытынды жұмысты жалғастырамыз», – дейді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

Халықаралық додалар өтті

Бұқаралық спорттың ауқымы да кеңейіп келеді. Биыл Шығыс Қа­зақстанда 139 республикалық және екі халықаралық жарыс ұйым­дастырылды. Өскеменде өткен ха­лықаралық шахмат турниріне 16 елден 200-ге жуық шахматшы қатысса, Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған халықаралық жеңіл атлетика турниріне 120-ға жуық спортшы жиналды.

Ал «Шығыс Салбурыны – 2026» халықаралық этноспорттық шарасы ұлттық спорттың халықаралық деңгейдегі алаңына айналмақ. Құсбегілік бойынша I Азия кубогына тоғыз елден өкілдер келіп, шараны бес мыңнан астам көрермен тамашалайтын болады.

Спорттың әлеуметтік ба­ғыты да назардан тыс қалмайды. Қазан айында­ғы мәлімет бойынша, облыста 59 мың­нан астам бала мен жасөспірім спортпен жүйелі түрде айналысады. Оның 22,8 мыңы ауылда тұрады. Сонымен қатар инклюзив­ті спортпен 4 мың­нан ас­там ерекше қажеттіліктері бар адам қамтылған.

Осы көрсеткіштер Шығыс Қа­зақ­стандағы спорт саласының же­тіс­тіктері тек кәсіби спортшы­лар­дың нәти­жесімен өлшенбейтінін көр­сетеді. Бір жағынан, өңір­ден ұлт­тық құрамаға спортшы­лар дайын­далып, халықаралық ареналарда жүлде алып жатыр. Екін­ші жағынан, балалар мен ауыл жастарына арналған спорттық ор­та қалыптасып, жаңа нысандар са­лынып, бұқаралық спорттың ау­­қы­мы кеңейіп келеді. Алдағы мін­дет – осы жүйелі жұмысты ары қа­рай жал­ғастыру және халықара­лық аренада нәтиже көрсететін спорт­шылардың жаңа буынын қалыптастыру.

Осы көрсеткіштер Шығыс Қа­зақ­стандағы спорт саласының же­тіс­тіктері тек кәсіби спортшы­лар­дың нәти­жесімен өлшенбейтінін көр­сетеді. Бір жағынан, өңір­ден ұлт­тық құрамаға спортшы­лар дайын­далып, халықаралық ареналарда жүлде алып жатыр. Екін­ші жағынан, балалар мен ауыл жастарына арналған спорттық ор­та қалыптасып, жаңа нысандар са­лынып, бұқаралық спорттың ау­­қы­мы кеңейіп келеді. Алдағы мін­дет – осы жүйелі жұмысты ары қа­рай жал­ғастыру және халықара­лық аренада нәтиже көрсететін спорт­шылардың жаңа буынын қалыптастыру.