«Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында «Әділет» партиясы Қызылорда облысы Арал аудандық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қала аумағындағы ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тарихи ескерткіштер тазартылды
125
оқылды

Вандализм – қоғамдық мүлікке зиян келтіріп қана қоймай, елдің тарихи мұрасына деген құрметсіздік көрсетуді білдіреді. Сондықтан әрбір азамат туған жердің көркін сақтауға және ортақ құндылықтарға жанашырлықпен қарауға атсалысуы қажет. 

Акцияның негізгі мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғам назарын вандализм мәселесіне аудару. Белсенді жастар осындай игі істер арқылы туған жерге деген құрметтің нақты іс-әрекеттен басталатынын көрсетті.

Бекбол АМАНГЕЛДІ