Ол 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Елордада көлік нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды
фото: www.istockphoto.com
132
оқылды

Астанада патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірді жасыруға арналған арнайы құрылғы орнатылған көлікті анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция департаменті  баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 10:20 шамасында Алаш даңғылында болған. Полиция қызметкерлері тексеру үшін BMW маркалы көлікті тоқтатқан.

"Тексеру барысында көлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы орнатылғаны анықталды. Мұндай құрылғыларды пайдалану көлікті сәйкестендіруді, құқықбұзушылықты анықтауды және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды қиындатады", – делінген хабарламада.

38 жастағы жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы  4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.