Абай облысында жылу беру маусымына дайындық үшін қомақты қаржы бөлініп, ондаған шақырым жылу желісі жөндеуден өтті.
Сыннан кейін шираған сала
151
оқылды

Алайда Семейдегі жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталмауы Үкімет деңгейінде сынға ұшырады. Бұл жағдай өңірдегі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қаражатты тиімді игеру және жауапты мекемелердің жұмысын үйлестіру мәселелеріне тағы бір мәрте назар аудартты. Ендігі маңызды міндет – жылуды уақытында берумен ғана шектелмей, оны қыс бойы үздіксіз қамтамасыз ету.

Биыл Абай облысында жылу жүйе­ле­рін жөн­деу мен жаңғыртуға қо­мақты қаржы ба­ғытталды. Ресми мәлі­мет­терге сүйенсек, рес­­публикалық және об­лыс­тық бюд­жет­тер­ден, сондай-ақ Үкімет ре­зервінен жал­пы 14,5 миллиард теңге қа­растырылған. Оның ішінде респуб­ли­ка­лық бюджеттен – 6,6 миллиард, облыстық бюд­жеттен – 5,4 миллиард, Үкімет резер­ві­нен 2,5 миллиард теңге бөлінген. Бұл – аз қаражат емес. Мұндай қаржының артында мың­даған тұрғынның алаңсыз қыстап шы­ғуы, білім беру мен денсаулық сақтау ны­сан­дарының қалыпты жұмыс істеуі, тұтас ел­ді мекендердің тіршілігі тұр. Демек, бө­лінген қаражаттың нәтижесі де соған сай болуы керек. Қаражаттың игерілуі туралы есеп беруден бұрын, оның халықтың тұр­мыс сапасына қаншалықты әсер еткені маңыз­ды.

Бүгінде Абай облысында орталықтан­ды­рылған жылумен жабдықтау жүйесі үш қа­ла мен бес ауданды қамтиды. Атап айт­қан­да, Семей, Курчатов, Аягөз қалалары жә­не Үржар, Бородулиха, Абай, Жарма, Жаңа­семей аудандарының тұрғындары ор­талықтандырылған жылу жүйесін пай­даланады. Бұл елді мекендерді жалпы саны 49 жылу көзі қамтамасыз етеді. Ал жылу же­лілерінің жалпы ұзындығы 409 ша­қы­рым­­ды құрайды.

Өңірдегі жылу жүйесінің негізгі жүк­те­ме­сі облыс орталығы Семей қала­сына тие­­сілі. Мұнда №1 жылу электр орта­лығы мен 20 қазандық жұмыс істейді. Жылу же­лі­лерінің ұзындығы 325 шақырымға же­теді. Ал Курчатов пен Аягөз қалаларында жә­не бес аудандағы жылу көздерінің жұ­мысы да жалпы өңірлік жылумен жаб­дық­тау жүйесінің ажырамас бөлігі саналады.

Биылғы жылыту маусымына дайындық ая­сында облыс бойынша 17 жылу көзінде кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп, 53,7 шақырым жылу желісі жөн­­­деуден өткізілген. Бұл – өңірдің ком­му­налдық инфрақұрылымын қалыпты жұ­мыс жағдайында ұстауға бағытталған маңыз­ды шаралар.

Семей қаласында 12 жылу көзінде кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізіліп, то­ғыз учаскедегі жалпы ұзындығы 26,1 ша­­қырым жылу желісі қалпына келтірілген. Бұдан бөлек, қайта жаңғыртуға бағытталған жеті жоба аясында 20 шақырым жылу же­лісі мен бес орталық жылу пунктін жаңарту жұмыстары орындалған. «Теплоком­мун-э­нерго» кәсіпорны өз қаражаты есебінен тағы 6,3 шақырым желіге ағымдағы жөндеу жүргізген.

Алайда жылу жүйесін жаңғырту бір мау­­­сымдық науқанмен шектелмеуі керек. Бүгін ауыстырылған құбыр ертеңгі қауіп­сіз­діктің кепілі болғанымен, желінің қал­ған бөліктеріндегі тозу деңгейі де назардан тыс қалмауға тиіс. Өйткені коммуналдық инф­рақұрылымның сенімділігі жөнделген учаскелердің ұзындығымен ғана емес, бү­кіл жүйенің техникалық жағдайымен өл­ше­неді. Сонымен қатар жылу желілері мен жылу көздерін жаңғыртуға бағытталған бес жоба келесі жылға өтпелі жобалар ретінде жоспарланған. Ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік құнды қағаздар есебінен 15,8 мил­лиард теңге қарастырылып, алты жоба бойынша келісімшарттар жасалған. Ал 2026 жылы ұзындығы 1,27 шақырым бо­латын Парус орталық жылу пунктін жылу желілерімен бірге қайта құру жобасы жү­зеге асырылған. Мұның бәрі облыста жылу инфрақұрылымын жаңартуға белгілі бір деңгейде қаржылық және ұйым­дас­тыру­шы­лық ресурс жұмылдырылып жатқанын көр­сетеді.

Өңірдегі жылу жүйесін жаңғырту жұ­мыс­­тарының ауқымды жүргізілуіне қара­мас­тан, биылғы дайындық барысында мер­зім мәселесі де күн тәртібіне шықты. Қа­зан айының басында өткен Үкімет оты­ры­сында Премьер-министр Олжас Бек­те­нов жылу көздері мен желілердің дайын­дығын 1 қазанға дейін қамтамасыз ету жө­ніндегі тапсырмасының орындалуына тоқ­талды. Оның айтуынша, өңірлердің ба­сым бөлігі белгіленген мерзімді сақ­таға­ны­мен, Семей қаласында жылу же­лілері уа­қытында дайын болмаған.

– Жылыту маусымы жоспарға сәйкес бас­талды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жы­лу бекітілген кестеге және ауа райы жағ­дайына байланысты беріледі. Мен жы­лу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған бола­тынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады. Тек Се­мей қаласында жылу желілері уақытылы дайын болмай шықты. Абай облысы әкі­мінің аталған салаға жетекшілік ететін орын­басарын тәртіптік жауапкершілікке тарт­уды тапсырамын, – деді Олжас Бек­тенов.

Үкімет басшысының сыны өңірдегі жылу жүйесін дайындау барысында ұйым­дастырушылық мәселелердің болғанын көр­сетті. Әсіресе миллиардтаған теңге бө­лі­ніп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жат­­қан жағдайда мұндай олқылықтың орын алуы заңды сұрақ туғызады. Егер қар­жы қарастырылып, жобалар қолға алын­ған болса, онда не себепті жылу желі­лерін белгіленген мерзімге дейін толық дайындау мүмкін болмады?

Абай облысында тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық саласына жауапты об­лыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев же­текшілік етеді. Ол бұл қызметке 2026 жыл­дың шілде айында тағайындалған. Үкі­мет отырысында көтерілген мәселеге қа­тысты ол журналистерге түсініктеме бе­ріп, жөндеу жұмыстарының кешігуін мер­дігер ұйымның кемшілігімен бай­лан­ыс­тырды.

– Үкімет басшысы Олжас Абайұлының бер­ген ескертпелері толығымен қабыл­дан­ды. Семей қаласы бойынша 2 жылдық 5 жо­ба бар. Сол бір жоба бойынша, мердігер ұйым тарапынан олқылықтар болды. Яғни құ­рылғылар уақытылы жеткізілмеді. Бү­гінде қондырғылар толығымен орнатылды. Жы­лыту маусымын толығымен бастадық. Бі­рінші кезекте әлеуметтік нысандар, екін­ші кезекте тұрғын үйлер қо­сыл­ды. Тұрғындардың алаңдауына еш не­гіз жоқ, – деді Бекжан Бапышев.

Әрине, мердігер ұйымның жабдық­тар­ды уақытында жеткізбеуі жо­ба­ның орын­далу мерзіміне әсер етуі мүмкін. Алайда мұн­дай тәуекелдер алдын ала еске­рі­ліп, ба­қылау тетіктері күшейтілуі керек еді. Жо­баның жүзеге асырылуына жауапты та­рап­тар жабдықтардың жеткізілуін, құры­лыс-монтаж жұмыстарының кестесін және ны­санның уақытында пайдалануға бері­луін тұрақты бақылауға алуы қажет. Өйт­кені бір мердігердің жұмыстағы олқылығы бүкіл өңірдің жылу дайындығына қатысты мә­селе туғызбауға тиіс.

Қазіргі мәлімет бойынша, Семейде жы­лыту маусымы қала әкімінің қаулысына сәй­кес 5 қазанда басталған. Жылу көздері штат­тық режимде жұмыс істеп, желілер үз­дік­сіз қызмет көрсетіп тұр. №1 жылу электр орталығы мен 20 қазандық бекі­тіл­ген температуралық кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Кәсіпорын қоймаларында көмір қоры жинақталған.

Жалпы, Абай облысындағы жылу инф­ра­құрылымын жаңғырту мәселесін тек биыл­ғы маусымның дайындығымен шек­теу­ге болмайды. Өңірдегі 409 шақырым жылу желісін күтіп ұстау үшін жүйелі ин­вес­тиция, ұзақмерзімді жоспар және нақты ба­қылау қажет. Осы тұрғыдан алғанда, биыл басталған және келесі жылға өтетін жаң­ғырту жобаларының орындалуы ерек­ше маңызды. Әрбір жоба бойынша нақты мер­зім, қаржыландыру көлемі, орындалған жұ­мыс пен күтілетін нәтиже ашық көрсе­тіл­гені жөн. Бөлінген 14,5 миллиард теңге мен Ұлттық жоба аясындағы 15,8 миллиард теңгенің тиімділігі тек игерілген қаражат тура­лы есеппен бағаланбауға тиіс. Негізгі өл­шем – жылу жүйесінің нақты жақсаруы.

Сонымен бірге жөндеу жұмыстарының са­па­сына тәуелсіз техникалық бақылауды күш­ейткен жөн. Өйткені құбырды ауыс­тыру­дың өзі мәселені түбегейлі шешпейді. Жұ­мыс сапасыз орындалса, аз уақыттан кейін сол учаскеде қайтадан ақау шығуы мүм­кін. Сондықтан мердігерлердің жауап­кер­шілігі мен техникалық қадағалаудың са­пасы қаржы көлемімен бірдей назарда болуы қажет.

Абай облысындағы жылу беру маусы­мы­на дайындық – тек коммуналдық кәсіп­орын­дардың жұмысы емес, тұтас өңірлік басқару жүйесінің жауапкершілігін көр­се­тетін маңызды сала. Мемлекеттік тапсыр­ма­лардың уақытында орындалуы, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы, мердігер­лер­дің міндеттемелерді сақтауы және жер­гілікті биліктің бақылауы өзара тығыз бай­­ланысты. Миллиардтаған қаржы бөлу – мә­селені шешудің бір тетігі ғана. Одан кейін сол қаражаттың мақсатты жұмсалуын, жұ­мыстардың белгіленген мерзімде орын­далуын және нәтижесінің сапалы болуын қамтамасыз ету қажет. Әйтпесе жыл сайын қомақ­ты қаражат бөліп, жыл сайын бір мә­се­леге қайта орала беруіміз мүмкін. Бү­гінде Абай облысында жылыту маусымы бас­талып, жылу көздері жұмыс істеп тұр. Алай­да қыс әлі алда. Алдағы айларда ком­муналдық жүйелердің шынайы дайындығы то­лық сыналады. Сондықтан жауапты ме­кемелер үшін басты міндет – жылу беру мау­сымын бастау ғана емес, оны ешбір ір­кіліссіз аяқтау.

Эльмира ЖҮРСІНБЕКҚЫЗЫ,

Абай облысы