Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, – делінген құттықтау хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.
