Іс-шараға «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев, ҚР Құрылтай депутаттары Ақерке Искандерова, ҚР Құрылтайының депутаты әрі Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі Дидарбек Ділдәбек, жастар ұйымдарының көшбасшылар, сондай-ақ белсенді жастар мен студенттер қатысты.
Бір мамандықпен шектелу жеткіліксіз: жастар жаңа дағдыларды меңгеруі керек
фото: баспасөз қызметінен алынды
205
оқылды

Бүгін «Әділет» партиясының Орталық аппаратында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған «Bir Tolqynda» диалог алаңы өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.       

Ашық пікір алмасу форматында өткен диалог алаңында  қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды талқылады. «Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев өткен аптада Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауын маңыздылығын түсіндірді. 

Оның айтуынша, қазір Жолдауды түсіндіруге қатысты 3 мыңға жуық шара белгіленген. Осыған байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар жүргізіліп жатыр.

– Біздің мақсат – Президенттің Жолдауын жай айтып беру емес, оның халыққа не берерін түсіндіріп, жақын арадағы 3-4 жылда еліміздің әлеуметтік саласынан бастап, қандай өндіріске дейін қосылып, бүкіл елдің  ғана емес, әрбір азаматтың тұрмыс-тіршілігі қаншалықты өзгеретінін жеткізу.

Жолдаудың негізгі бағыты – халықтың әл-ауқатын көтеру. Бұл дегеніміз – оның бір ғана табысын көтерумен шектелмейді, халықтың сапалы өмір сүру деңгейін көтеріп, инфрақұрылымын жақсарту. Яғни, сонау балабақшадағы баладан бастап, зейнеткерге дейін қызмет көрсетуді уақытылы алу. Осы бағытта 2029 жылға дейін 6,5 триллион теңге бөлінеді. Биылдан бастап 1,5 триллион теңге бөлінуді жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасына сәйтес енді 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 110 мың теңгеге көтеріледі. Соның арқасында 1 млн 800 мың адамды қамтылады, ал оның ішінде 370 мың бюджеттік мекеменің азаматтары. Яғни, оны 3-4 коэфицентке көбейтсек, 4-5 миллионға тиесілі болмақ. Учаскелік қызметкерлердің еңбек өтіліміне қарай 40 пайызға дейін айлығы көтерілсе, бұл 77 мың медициналық маманның қамтылуын көрсетеді. Мысалы, 70 шақты аурухана, 50-ден астам мектеп салыну жоспарланып отыр. Соңғы 7 жылдың өзінде 1300-дей мектеп тұрғызылып, қаншама бала ескі-тозығы жеткен білім ордасынан ауысып, оқуға мүмкіндік алды. Бір жылда жүз мыңға дейін жастарға оқуға түсуіне грант бөлінді. Осының бәрі мемлекеттің қуаттылығының арқасында жастарға барлық жағдай жасалып, мүмкіндік беріліп жатыр. Өйткені болашақ – осы жастардың қолында.

«Әділет» партиясының бағдарламасында бес жылда 1 миллионға жуық адамды жалақысы жақсы жұмыс орнымен қамтамассыз етуді, 5 миллион азаматты жасанды интеллектіге оқытуды міндеттемені қойып, оны орындау үстінде. «Әділет» партиясының Жастар қанатының «Жасампаз ұлт» бағдарламасын жасап, жастарды жасанды интелект, цифрландыру, ұялы телефонды пайдалана отырып, кәсіпке үйрету ойда бар. Бұрын ата-бабаларымыз жер үшін білегін салып, найзамен күрессе, қазір білім мен технологияның күресетін заманда жас ұрпаққа бір мамандық аздық етеді. Олар жаңа дағды үйреніп, жаңа кәсіп баулуға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан әрбір адамның болашағы – еңбегіне, біліміне, жасампаздығына байланысты, – деді Ержан Жылқыбаев.

ҚР Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ақерке Искандерова жастарға алдына келген ақпаратты тек оқып қана қоймай, саралап, білікті маманның пікіріне құлақ асып, өзіндік пікірі мен ойын қалыптастыра білу керегін қозғады.

Оның айтуынша, Жастар қанаты – еліміздің әрбір аймағынан арман қуып бас қаласында жиналған жастардың басын қосқан орта. Сол ортадан өскелең ұрпақты алары да, үйренері де көп. Тіпті, бүгінгі диалогқа қатысудың өзі болашаққа жасалған қадам.

– Президенттің негізгі қағидаты  бойынша болашақ жастардың қолында емес, ол – қазіргі сәт. Сондықтан жас ұрпақтың игілігін ойласақ, бұл бағытта қазірден бастап нақты әрі батыл қадамдар жасауымыз керек. Өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Сол себепті күннен-күнге өзгеріп, дамып жатқанәлемнен қалыс қалмауымыз керек. Әрине, интернеттің арқасында бізге көптеген мүмкіндікке қол жеткіздік. Бірақ соған сай оның қауіпті тұсы да бар. Бұрын ел арасындағы ұрыс, соғыс үшін шекара асып, адам жіберсе, қазір дрон ұшыра салады.

Цифрландырудың дамуы ол көз ілестірмейді. Сондықтан Президент айтқандай елімізге білімді де жасампаз, геосаясатты түсініп, дұрыс саралай алатын патриот жастар керек. Әлеуметтік-тұрмыстық жағынан ел аймағындағы жастардың ахуалы шет қалып жатқан жоқ. Сол себепті оқу бітіріп, диплом алып, жұмысқа тұрған соң ғана елдің дамуына араласамын деп ойламаңыздар, бүгіннен бастап атсалыңыздар. Мысалы, Жолдаудың әр бөлігінде жастар көрініс табады. Тіпті еліміздің де, партияның да «Мықты аймақтар – мықты ел» концепциясымен тоғысып, жастарға барлық мүмкіндік жасалып отыр,  – деді Құрылтай депутаты Ақерке Искандерова.

ҚР Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі Дидарбек Ділдәбектің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының әр бөлімі жастарға арналғаннын сөз етті.

– Жалпы, цифрландыру жастарға бағытталған бағыт. Президенттің Жолдауының бөлігі сонымен түйіседі, сондықтан жастарға арналды десе де болады. Мысалы кез келген саланы алып қарасақ, оның түйіні цифрландыруға тіріледі. Жұмысты жеңілдету керек, жасанды интеллектіні пайдалану керек, жастарға беретін дүниені толыққанды жеткізуіміз тиіс.

Оның үстіне, Президенттің осы жолғы жолдауында берілген тапсырманың басым көпшілігі  «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасымен сай келеді. Соның ішінде – халықтық құрылыс мәселесі. Алматы қаласында 40 мың адамды қамтитын стадион, Шымкентте Орталық Азиядағы ең үлкен стадионы салынбақ, Астанада аэропорттың салынуы, сонымен қатар Зайсан, Қатоң-қарағайда ұшақтың қосылуы, бұл туризмнің дамуына бірден-бір себеп. Міне, осының бәрі толыққанды орындалса, қоғамдық дәрежеге жетеміз, – деді Құрылтай депутаты Дидарбек Ділдәбек.

 Басқосудың модераторы болған «Әділет» партиясының Жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Хамитов Мемлекет басшысының 28 қазанда «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» жолдауын жариялап, жаһандық өзгерістер кезеңінде еліміздің ауқымды реформаларын жүзеге асырып, мемлекеттің даму бағдарын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жұмыстың жалғасып жатқанын жеткізді.

– Сондай-ақ Жолдауда елдің алдағы дамуына қатысты маңызды міндеттері белгіленді. Соның ішінде білім сапасын арттыру, еңбек нарығын дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері – басты назарда. Бұл бағыттардың әрқайсысы – жастардың бүгіні мен болашағымен тікелей байланысты. Қазір жастар үшін сапалы білім, еңбек нарығында өз орнын табу, заманауи дағдыларды меңгеру және өзара әлеуетін жүзеге асыру өте маңызды. Сондықтан Жолдауда көтерілген бастамаларды талқылап қана қоймай, жастар үшін қандай мүмкіндіктер ашатынын және бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылу керегі талқылағаны көңіл көншітеді,  – деді Ержан Хамитов.

Диалог алаңына келген жастар қатысушылармен Мемлекет басшысының Жолдауын ғана емес, өздерін қызықтырған сұрағын қойып, қызу пікір алмасты.

– Бүгінгі жиыннан өзімізге аларымыз көп болды. Мемлекет басшысының алдағы ел болашағына қойған міндеттерді ғана емес, өзіміздің өсуімізге бағыти-бағдар ала білдік. Соның ішінде бізге, әсіресе жастарға қажетті нәрсе, жасанды интеллектіні меңгеру. Онда да жай ғана меңгеру емес, оны дұрыс бағытта қолдана білудің өзі өнер, – деді Нұртанат Қайдаров Астана қаласының жастар қанатының белсендісі.