Ұлттық құрама сапына үш спортшы кірді.
Қазақстан құрамасы триатлоннан әлем кубогының кезеңіне қатысады
Фото: ҚР ҰОК
117
оқылды

Қазақстан құрамасы триатлоннан 7-8 қараша күндері Гонконгта өтетін әлем кубогының кезекті кезеңінде бақ сынайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық құрама сапына үш спортшы кірді. Атап айтқанда, Арлан Жаңабай, Дарын Қонысбаев және Аян Бейсенбаев ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Арлан Жаңабай жақында Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған еді.

ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы жарыстар 7 қарашада өтеді. Бұл бәсекеде жалпы 65 спортшы бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.