Қостанайда 86 жастағы зейнеткердің өліміне қатысты жасөспірім күдікке ілінді.
Қостанайда 86 жастағы зейнеткердің өліміне қатысты жасөспірім ұсталды
402
оқылды

Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция мәліметінше, қарт адамның мәйіті аулалардың бірінен табылған. Оның пышақ жарақатынан көз жұмғаны анықталды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 30 қазанда Қостанайдағы Көбеев көшесінде зейнеткердің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді.