Ақмола облысында теміржол бойына шашылған күкірт тұтанып, өрт шықты. Оқиға Степногор қаласына қарасты Ақсу кентінің маңында болған.
Ақмола облысында теміржол бойына төгілген күкірт өртенді
188
оқылды

Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, қауіпті жүк вагоны қауіпсіз жерге әкетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, теміржол жолдарында жүк вагонынан күкірт шашылып, артынша тұтанған. Қызыл жалын шарпыған аумақ бір шаршы метрді құраған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жауды толық сөндірді. Қауіптің алдын алу мақсатында күкірт төгілген вагон жүк құрамынан ажыратылып, қауіпсіз қашықтыққа сүйреп әкетілген. Ал зат төгілген аумақ инертті материалмен өңделді.  Абырой болғанда  оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тұрғындарға да қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Уәкілетті қызметтер төгілген күкіртке қатысты қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы