Бұл туралы Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Тұрмысқа шығатынымды бес жыл бұрын айтты": Айгүл Иманбаева Баян Алагөзованың ерекше қасиеті туралы сыр шертті (видео)
Фото: әлеуметтік желі
359
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева құрбысы, продюсер  Баян Алагөзованың бес жыл бұрын айтқан түсі дәл келгенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, Айгүл Иманбаеваға күйеуге шығардан бес жыл бұрын құрбысы Баян Алагөзова хабарласып, алдағы уақытта тұрмысқа шығатынын, алайда күйеуінің Қазақстанда тұрмайтынын айтқан.

Бұл туралы Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Осыдан 5 жыл бұрын Баян құрбым таңертең сағат жетіде хабарласты. Бірдеңе болды екен деп, қорқып кеттім. “Сені түсімде көрдім, күйеуге шығасың, бірақ ол Қазақстанда тұрмайды” деді. “Ой, аузыңа май” деп жауап қайтарғаным есімде. Кейін тұрмысқа шығатын кезде бірінші Баянға айттым. "Ешкімге айтпай тұр, сурет салма, көрсетпе" деді. Қарап отырсам, сол түсі орындалды. Ал мен қазір Ақтаудамын, құрбымның қуанышына ортақтасуға келдім», – дейді актриса.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева осыдан бір жыл бұрын тұрмысқа шықты. Ол күйеуімен шетелде танысқанын айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.