Шерубай-Нұра су қоймасының балық қоры 76 643 тұқы шабағымен толықты. Су айдынына балық жіберу жөніндегі экологиялық акцияны «Топар» МАЭС-і ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тұқы шабақтарын су айдынына жіберу өңірдегі биологиялық алуантүрлілікті сақтауға және экологиялық әлеуетті нығайтуға үлес қосуға бағытталған.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, табиғатты қорғау жұмыстары міндетті экологиялық талаптарды орындаумен ғана шектелмейді.

Су және биологиялық ресурстарды сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған нақты бастамаларға да ерекше мән беріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
