Биллинг жүйесінің іске қосылуы келісімшарт жасасу және құжаттармен жұмыс істеу процесін жеңілдетіп, су пайдаланудың ашықтығын арттырды.
Биыл енгізілген электронды келісімшарт жасасу жүйесі көбірек шаруаны сумен қамтуға мүмкіндік берді
Фото: gov.kz
122
оқылды

Биыл суармалы су беру бойынша «Қазсушар» РМК-мен келісімшарт жасасу процесі алғаш рет толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Бұл үшін Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы әзірлеген жаңа биллинг жүйесі енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биллинг жүйесінің іске қосылуы келісімшарт жасасу және құжаттармен жұмыс істеу процесін жеңілдетіп, су пайдаланудың ашықтығын арттырды. Сонымен қатар заңсыз пайдалану тәуекелдерін барынша азайтуға, тұтынушылардың «Қазсушар» РМК алдындағы берешегін қысқартуға және оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 29 283-тен астам электронды келісім жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 570 келісімге артық.

«Қазіргі уақытта биллинг жүйесін одан әрі жетілдіру жұмыстары жоспарланып отыр. Сондай-ақ министрлік бұл құралды каналдар арқылы су беру қызметін көрсететін басқа да ұйымдармен келісімшарт жасасу процесіне енгізуді көздеп отыр», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.