Еліміздегі мәселенің етегі кеңге жайылғанын халықаралық зерттеулердің нәтижесі растап отыр. Мәселен, PISA 2025 зерттеуінің қорытындысы бойынша, Қазақстанның 15 жастағы оқушылары оқырман сауаттылығынан 385 балл жинаған. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердегі орташа көрсеткіші – 461 балл. Оқушылардың 36 пайызы ғана базалық деңгейге жеткен. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 69 пайыз екен. Басқаша айтсақ, Қазақстаннан зерттеуге қатысқан оқушының үштен екісіне жуығы мәтінмен жұмыс істеу дағды бойынша белгіленген ең төменгі деңгейіне де жете алмаған.

Осы көрсеткіштен-ақ оқушылардың оқу барысында нақты қандай қиындыққа тап келгенін айшықтай түсті. Математикалық есепті шешу үшін алдымен оның шартын түсінуіміз керек. Яғни, жаратылыстану бойынша тақырыпты толыққанды меңгеру үшін алдымен мәнін түсініп, деректерді салыстырып, арадағы байланысты орнату қажет. Сондықтан оқығаныңды түсінудегі қиындығы оқушының бірден бірнеше пән бойынша үлгеріміне әсер етуі мүмкін. Мектепте мұндай қиындықты дер кезінде байқап, оқушыға нақты қандай көмек керегін анықтау маңызды. Осы мақсатта BI Group компаниясының білім беру бағыты – BI Education командасы BI Reading Literacy Assessment құралын әзірледі.

Негізі құрылғы бастауыш және негізгі мектеп оқушыларына арналады. Оқырман сауаттылығының бірнеше негізгі талабы бойынша бағаланады. Олар: ақпаратты іздеу, мәтінді түсіну, оқығанын түсіндіріп айтып беру және қорытынды жасай білу қабілеті тексеріледі. Мұндай тәсіл оқушының қандай дағдыларды меңгергенін және әрі қарай қай бағытта қосымша жұмыс істеу керегін анықтап береді.
Бұл құралды әзірлеуде еліміздің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары және бағалаудың заманауи халықаралық ғылыми тәсілдері ескерілген. Сонымен қатар құрылғының міндетіне мәтіндік тапсырмаларды дайындау, сынақтан өткізу және алынған нәтижелерді талдау кіреді.
– Оқырман дұрыс оқу сауаттылығы – кейінгі білім алудың негізі. Егер оқушы мәтінді түсінуге қиналса, әрбір жаңа пәнмен және одан күрделі тапсырмалар берілген сайын бұл мәселе одан әрі ушыға береді. Сондықтан мәселені барынша ертерек анықтап, оқушыға нақты қандай көмек қажет екенін түсіну маңызды. Диагностиканың артықшылығын, әсіресе, оқырман сауаттылығының қай дағдысына көбірек көңіл бөлу керектігін анықтауға мүмкіндік беріп, оның одан әрі дамытуға бағытталған қолдауын көргенде байқалады. Міне, соның арқасында бала оқығанын жақсырақ түсініп, оқу материалын сенімді түрде алып кете алады, – деді BI Education академиялық директоры Арайлым Мағзұмова.

BI Reading Literacy Assessment құралының технологиялық ерекшелігінің бірі – оқушылардың жауаптарын тексеру мен өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін жасанды интеллектіні қолдануы. Бұл бағалауға кететін уақытты қысқартып, үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге және диагностика нәтижесін жедел алуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік, әсіресе, екі ауысыммен жұмыс істейтін үлкен білім ордалары үшін маңызды. Себебі мұндай мектептерде оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеру айтарлықтай ресурсты қажет етеді.

Құрылғының басты құндылығы – оның нәтижелерін қалай пайдаланатынын көрсетуінде. Бұл – оқушы үшін дер кезінде қолдау тапса, мұғалімге қиындықтың себебін анықтап, соған сай тапсырмаларды іріктеп беруі. Ал мектеп басшылары диагностика арқылы білім нәтижелерінің өзгеру динамикасын бақылап, қолданылып жүрген тәсілдердің тиімділігін бағалай алады. Тіпті, оқушылардың оқу барысындағы ортақ қиындығын анықтап, әдістемелік жұмыс пен педагогтердің біліктілігін арттыру барысында қандай тақырыптарға көбірек көңіл бөлу керектігін де аңғартады. Келешекте бұл тәжірибені Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік мектептеріне кеңінен енгізуге болады. Сонда мұғалімдер диагностика нәтижесін күнделікті жұмысында көбірек пайдалана алады.
Бір сөзбен айтқанда, білім ордалары балаға оқыған мәтінін түсінуге неғұрлым тиімді көмектескен сайын, Қазақстанның PISA зерттеуіндегі нәтижесінің жақсаруы соғұрлым нығая түседі.
