Балалардың магнит жұтып қойғаны анықталғаннан кейін медициналық көмек қажет болған. Мұндай заттар әсіресе кішкентай балалар үшін қауіпті. Өйткені бірнеше магнит ішектің әртүрлі бөлігінде орналасып, бір-біріне тартылуы мүмкін.
Алматы облысында дәрігерлер екі баланың ішінен 32 магнит алып шықты
56
оқылды

Алматы облысында дәрігерлер магнит жұтып қойған екі балаға медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Олардың асқазан-ішек жолынан барлығы 32 магнит алынған.

Балалардың магнит жұтып қойғаны анықталғаннан кейін медициналық көмек қажет болған. Мұндай заттар әсіресе кішкентай балалар үшін қауіпті. Өйткені бірнеше магнит ішектің әртүрлі бөлігінде орналасып, бір-біріне тартылуы мүмкін.

Мамандардың түсіндіруінше, магниттердің өзара тартылуы ішек қабырғасын қысып, ауыр асқынуларға әкелуі ықтимал. Сондықтан бала магнит жұтып қойды деген күдік туындаса, оның өздігінен шығуын күтпей, дереу дәрігерге жүгіну қажет.

Бұл оқиға ата-аналарға балалардың қолы жететін жерде ұсақ магнитті ойыншықтар мен бөлшектерді қалдырмаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.