Қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 94,87 ұпай еншіледі.
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында бесінші орын алды
Фото: ҚР ҰОК
221
оқылды

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 94,87 ұпай еншілеп, 12 қатысушының арасында бесінші орынға тұрақтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Жапония өкілі Као Миура 102,90 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды оның отандасы Шун Сато (101,97) иеленсе, бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко 99,72 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.