Актриса Мереке Қалбаева енесімен қарым-қатынасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол алғаш келін болып түскенде енесімен қарым-қатынасы қиын болғанын жасырмады. Айтуынша, енесі ұлын келінінен қызғанған.
«Енем Арсен екеуіміз үйленген кезде қызғанғаны соншалық, баласын босату үшін психологқа барған. Екі ұлы бар. Арсенді қатты жақсы көрген ғой. Оны бірден босата алмаған, жүрегі ауырған», - дейді блогер.
Айта кетейік, танымал жайдарманшылар, блогерлер Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев 2018 жылы шаңырақ көтерді. Жұптың арасында 6 жас айырмашылық. Бүгінде олар 3 бала тәрбиелеп отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
