Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ғалия Тынбаева Хорватиядағы Гран-придің күміс жүлдегері атанды
Фото: ҚР ҰОК
119
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ғалия ақтық сында 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Италия өкілі Ассунта Скуттомен кездесті. Нәтижесінде италиялық балуан жеңіске жетті.

Ал Ғалия Тынбаева Гран-при турнирін күміс медальмен аяқтады. ҚР ҰОК мәліметінше, ол финалға дейінгі жолында Азия Аванзатоны (Италия), Ева Перес Солерді (Испания), Наташа Феррейраны (Бразилия), Жаклин Шпрингерді (Австрия) жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.