Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аман Бақытжан Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн Вэймен (Қытайлық Тайбэй) кездесті.
Тартысты өткен белдесуде Аман Бақытжан қарсыласына жол берді.
Осылайша Аман Бақытжан Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
