Бес тақырыптық бөлімнен тұратын көрмеге 69 этнографиялық жәдігер қойылған.
Әзербайжанда «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» көрмесі ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
110
оқылды

Әзербайжанның Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қорындағы жәдігерлерден жасақталған «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің, Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының, Әзербайжанның Ұлттық тарих музейі мен Мәдениет министрлігінің өкілдері, жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, бес тақырыптық бөлімнен тұратын көрмеге 69 этнографиялық жәдігер қойылған. Олардың қатарында күнделікті тұрмыс пен шаруашылыққа арналған бұйымдар, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар, киіз басу және тоқымашылық өнерінің үлгілері, дәстүрлі киімдер мен ұлттық әшекейлер бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.