Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.
Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК
88
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақтың ақтық белдесуінде бразилиялық Рональд Лимамен жолықты.

Нәтижесінде Нұрқанат Серікбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды. 

Айта кетейік, бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.