Алматының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралу қаупі бар.
Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері жалынды сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Әзірге өрттің неден шыққаны және зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
