Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін 8,5 пайызға арттыру жоспарланып отыр.
Қазақстанда 2027 жылдан бастап зейнетақы өседі
124
оқылды

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін 8,5 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ұлғаяды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, келесі жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақыны 8,5 пайызға көтеру көзделген. Бұл өзгеріс зейнеткерлердің төлем мөлшеріне әсер етеді.

Мәселен, қазір 100 мың теңге зейнетақы алатын азаматтың төлемі 8,5 пайызға артқан жағдайда 108 500 теңгеге жетеді. Ал 150 мың теңге алатын зейнеткердің төлемі 162 750 теңге болады. Бұл – жоспарланған өсімге негізделген есеп. Нақты төлем мөлшері зейнетақының құрамына байланысты анықталады.

Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 118 пайызынан 120 пайызына дейін ұлғаяды. Ал ең төменгі базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде сақталады.

Базалық зейнетақының мөлшері азаматтың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі. Өтілі 10 жыл немесе одан аз азаматтарға ең төменгі мөлшер белгіленеді. Ал 10 жылдан асқан әрбір толық жыл үшін төлем мөлшері 2 пайызға артады.

Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанда жасына байланысты зейнетақы 10 пайызға өсті. Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері