16 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 16 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі.
Тұман: Астана, Алматы, Қонаев қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында.
Көктайғақ және жолдың тайғақтығы: Астана қаласында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар): Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында.
Желдің екпіні күшейеді: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
