Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа төрағаға нақты тапсырмалар беріп, ҰҚК қызметінің тиімділігін арттыруды міндеттеді.
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізді
Фото: Ақорда
131
оқылды

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізді. Жиын барысында Президент ведомствоның жаңа төрағасы Марат Ирменовті жеке құрамға таныстырып, алдағы жұмыстың негізгі басымдықтарын айқындап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Арнайы жиында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, ведомство алдына қойылған мақсаттарға жетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және жалпы қызмет тиімділігін арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырып, оған бірқатар міндет жүктеді.

Президент ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, ведомство алдына қойылған мақсаттарға жетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және қызмет тиімділігін арттыру қажеттігіне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидатының орындалуына, мемлекеттің экономика саласындағы ұлттық мүддесін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да заңбұзушылықтарға қарсы іс-қимылға баса назар аудару керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптің алдын алу, басымдыққа ие мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы тапсырма берді, – делінген Ақорданың ресми ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.