Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ренат Айтаев 1976 жылы 10 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-экономист мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы «Демал-Шығыс» ЖШС-да экономика және қаржы жөніндегі директор болып бастаған. Кейін Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасында, Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде қызмет атқарды. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2010–2017 жылдары Премьер-министр кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімін басқарды. 2017–2019 жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары әрі әдеп жөніндегі уәкіл болды.
2019 жылы Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2022 жылғы ақпаннан бастап Парламент Мәжілісі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен және «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» III дәрежелі медалімен марапатталған.
2026 жылғы 16 қарашада Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
