Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдірді.
«Адам үшін ең ұзақ сапар — өзіне қарай»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырманды ойландырып қойды
Фото: әлеуметтік желі
106
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырманға ой салды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол қанша уақыт өтсе де, адамның өзін тануға деген талпынысы өзекті болып қала беретінін меңзеген. Өнер иесі "Мен кіммін?" деген сұрақты өзіне жиі қоятынын жасырмады.

«Айнадағы адамыңызға қашан соңғы рет ықыласпен көңіл бөлдіңіз? Мағауин «Мен» деді. Марк Аврелий өзімен сырласты. Ницше Заратустраны сөйлетті. Монтень өзін зерттеді. Ғасырлар ауысты. Бірақ адамзаттың ең күрделі сұрағы өзгермеді: «Мен кіммін?» Үнемі ізденіс үстіндемін. Кейде сахнадағы кейіпкерім арқылы, кейде үнсіз қалған сәттерімде өзімді тануға тырысамын. Өйткені адам үшін ең ұзақ сапар — өзіне қарай», - деді актриса.

Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдірді.

«Сұлулық, талант, харизма», «Мағауин, Ницше, Аврелий, Монтеньді оқыған екенсіз ғой. Сіздің әр жазбаңыздағы сауаттылық, сұрақ-жауап кезіндегі даналық, әзіліңіздегі ирония, бәрі-бәрінен көрініп тұрады. Әрине, өзі сауатты адамға ғана. Ал көпшілік тек әдемі фотоға қарауы мүмкін. Мүсініңіз де мінсіз, бірақ сізге салмақ беретін осындай жазбаларыңыз», «Көзі ашық, көп оқитын жансың,осымен сұлусың!», деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.