Келушілерге отандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.
Астанада демалыс күндері «Соғым-FEST» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: gov.kz
130
оқылды

21-22 қараша күндері Астанада «Соғым-FEST» ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және еліміздің өзге де өңірлерінен келген шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жәрмеңкені ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырады.

Іс-шара Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай III Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумының аясында өтеді.

Келушілерге отандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.

«Соғым-FEST» жәрмеңкесінің басты ерекшелігі – өнімдерді делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып алу мүмкіндігі. Бұл фермерлердің өнім өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, арадағы делдалдарды азайтуға және елорда тұрғындарының қазақстандық сапалы өнімдерге тікелей қол жеткізуіне жағдай жасайды.

Сауда орындары 21-22 қараша күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Астананың төрт алаңында жұмыс істейді:

1. «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б.

Автобус бағыттары: №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.

2. «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1.

Автобус бағыттары: №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.

3. «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

Автобус бағыттары: №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67, 73.

4. «ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.

Автобус бағыттары: №35, 36, 45, 62, 66, 305, 312.