Шымкентте жол ережесін өрескел бұзып, өзге көлік жүргізушілеріне қауіп төндірген екі азамат 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Polisia.kz мәліметінше, Toyota Camry және Toyota Land Cruiser көліктерінің жүргізушілері бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жол таңбалары мен жарық құралдарын пайдалану талаптарын бұзған. Сондай-ақ олардың әрекетінен жолда апатты жағдай туындаған.
Полиция тәртіп бұзғандардың 18 жастағы Мақсат Төлеген мен 22 жастағы Дінмұхаммед Сүлеймен екенін анықтады. Олардың бірінің көлік басқаруға құқығы болмаған.
Сонымен қатар екі жүргізушінің әрекетінен ұсақ бұзақылық белгілері анықталған. Сот екеуін де 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.
