Қаңқа қалдықтары Өскемен – Риддер тасжолының Радуга елді мекені маңындағы бөлігінен анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, сүйек қалдықтары ер адамға тиесілі болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Әлеуметтік желіде марқұмның қол-аяғы байланған күйде табылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарды.
– Қазіргі уақытта танылмаған адамның жеке басын және өлімінің себебін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.
