Оқиға Қазыбек би ауданындағы Бұқар жырау даңғылында, теміржол вокзалы маңындағы көпірде болған.
Қарағандыда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды
128
оқылды

Қарағандыда құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды дер кезінде байқап, аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға Қазыбек би ауданындағы Бұқар жырау даңғылында, теміржол вокзалы маңындағы көпірде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кезекті тапсырмадан кейін базаға қайтып бара жатқан. Жолда олар көпір қоршауының арғы бетіне өтіп, төмен секіруге оқталған ер адамды байқайды.

Құтқарушылар дереу әрекет етіп, азаматты ұстап үлгерген. Кейін оны қауіпсіз жерге шығарды.

1986 жылы туған ер адам оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.