Бейнежазюа әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көп қаралым жинады.
Дима Билан өзімен аттас 4 жастағы баламен кездесіп, уәдесін орындады (видео)
Фото: видеодан скрин
238
оқылды

Ресейлік әнші Дима Билан Астанада өзімен аттас төрт жасар баламен кездесті, – деп жазды Aikyn.kz.

Жақында әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында тұратын кішкентай Дима Биланның видеосы тараған еді. Видео түсіріп тұрған әйел кішкентай баладан атын сұрайды, ал ол «Дима Билан» деп жауап береді. Алайда видео авторы бұған алғашында сенбейді. 

Бейнежазюа әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көп қаралым жинады. Тіпті, әнші Дима Биланның өзі видеоны көріп, пікір білдірді. Ол Қазақстанда өтетін концертінде өзімен аттас балақаймен кездесуге ниетті екенін жеткізді.

20 қарашада бала ресейлік әншінің Астанада өткен концертіне арнайы қонақ ретінде шақырылды. Осылайша, әнші уәдесін орындады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.