Қиын сәтте қайғысына ортақтасып, қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты.
«Анашымсыз өткен 40 күн...»: Сәкен Майғазиев әсерлі жазба жариялады (видео)
Фото: әлеуметтік желі
110
оқылды

«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев марқұм анасын еске алып, әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жазбасында анасыз өткен 40 күннің қандай ауыр екенін жеткізген. Сонымен қиын сәтте қайғысына ортақтасып, қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты.

«Армысыздар ағайын, қалың қазағым. Баршаңызға мың рақмет айтамыз. Анамыздың фәниден бақиға аттанғанына қырық күн өте шығыпты. Қырық күн бойы бізді қолдап келгендеріңізге, қайғымызды жеңілдеткендеріңізге мың алғыс. Жанымызда жүрген жақындарымызға рақмет. Анамыздың ғибратты ғұмырын, өнегелі өмірін жеңгелерімізге, әпке-қарындастарымызға, адал жарымызға нәсіп етсін деп тілейміз», - деді әнші.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, пікір жазып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.