Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қар жауады, көктайғақ болады: 24 қарашаға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
119
оқылды

Қазгидромет 24 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайы Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен қар жауып, желдің екпіні секундына 29 метрге дейін жетеді. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Атырауда да түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз жауын-шашын, кей уақытта нөсер жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта нөсерге ұласады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с болады. Қонаевта желдің екпіні кей уақытта 18 м/с-қа жетеді. Іле Алатауының Алматыдағы Медеу және Бостандық аудандарына қарасты таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта нөсерлейді. Батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістанда да түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте кей уақытта тұман түсіп, түнде желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Петропавлда да жауын-шашын болып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз жаңбыр жауып, солтүстігі мен таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта нөсер жаңбыр мен қар болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз желдің екпіні солтүстікте, шығыста және оңтүстікте 24-29 м/с болады. Өскеменде күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 24-29 м/с-қа жетеді. Семейде жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Таразда түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында түнде, таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с жылдамдықпен еседі. Ақтауда да желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан жел таңертең және күндіз облыстың шығысында 15-18 м/с-қа жетеді. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысында түнде жауын-шашын жауып, батысында кей уақытта нөсер жаңбыр болады. Күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын, оңтүстігі мен шығысында негізінен жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні солтүстікте, шығыста және оңтүстікте 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15 м/с болады.

Павлодар облысында негізінен жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан соққан жел күндіз оңтүстікте, шығыста және облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Павлодарда да жаңбыр жауып, түнде тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болып, тұман түседі. Батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Оралда түнде және таңертең көктайғақ болып, тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Қызылордада да кей уақытта тұман болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде және шығысында түнде нөсер жаңбыр мен қар жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан жел күндіз облыстың солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Астанада күннің соңына қарай тұман түседі. Түнде және таңертең тұман болып, көктайғақ болады. Көкшетауда да түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.