Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жеңіл автокөліктер мен жеңіл жүк көліктерін қысқы дөңгелексіз жүргізуге тыйым салынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Талапты бұзған жүргізушілерге 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қысқы дөңгелек көліктің барлық доңғалағына орнатылуға тиіс. Бұл талап 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін қолданылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабына сәйкес, аталған талапты сақтамаған жүргізушілерге 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.
Полицейлер жүргізушілерге қыс басталғанға дейін көліктің техникалық жағдайын тексеріп, дөңгелектерін ауыстыруды ескертті. Әсіресе көктайғақ кезінде жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтау қажет.
Қысқы дөңгелек орнату талабы Қазақстанның барлық өңіріне қатысты.
