Тұрғын үй көмегін алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге болады.
Коммуналдық төлемнің бір бөлігін мемлекет қандай жағдайда өтейтіні белгілі болды
169
оқылды

Қазақстанда табысы төмен отбасылар коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығынының бір бөлігін мемлекет есебінен өтей алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тұрғын үй көмегін алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге болады.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, коммуналдық шығындардың шекті мөлшерін әр өңірдің мәслихаты дербес белгілейді. Ол отбасының жиынтық табысының 5-10 пайызы аралығында болуы мүмкін.

Мәселен, Астанада бұл көрсеткіш 5 пайызды құрайды. Егер отбасының айлық табысы 200 мың теңге болса, коммуналдық шығынның шекті мөлшері 10 мың теңге болады. Нормативке сай есептелген коммуналдық шығын 25 мың теңгені құраса, оның 15 мың теңгесі тұрғын үй көмегі ретінде өтелуі мүмкін. Төлемнің нақты мөлшері белгіленген тұтыну нормаларына байланысты есептеледі.

Көмек алу үшін азамат өзінің жалғыз баспанасында немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған баспанада тұрақты тұруға тиіс. Өтінішті қарау кезінде отбасының жалақысы, жәрдемақысы, алименті және басқа да кірісі ескеріледі.

Тұрғын үй көмегі үш айға тағайындалады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін азамат қайта өтініш бере алады. Бірқатар қажетті мәлімет мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі.