Журналистік білім берудің инновациялық форматы
Журналистік білім берудің инновациялық форматы
619
оқылды
Шетелдік және отандық медиа сарапшылар мен журналистер өзекті ойларын ортаға салған «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту моделдері» (МТIJ) атты IV Халықаралық ғылыми-тәжіри­белік конференция биыл төртінші мәрте өткізіл­ді. Бұл медиа алаңда ком­му­­ни­кациялық саланың да­муын­дағы жаңа тенден­ция­ларды, диджитал-техно­логия­лар мен білім берудегі әлемдік тренд­терді талқы­лау дәстүрге айналды.  

Конференцияда белгілі ғалым­дар мен халықаралық институттар­дың өкілдері, медиа-тренерлер, журналистер және блогерлер «ақыл­ды журналистика» ре­дак­ция­дағы жасанды интеллект, BigData, виртуалды шындық жаңалықтары, бейнеконтенттің рөлі, омниканал­дық, Humantohuman форматын­да­ғы адам­дардың қарым-қатынасы, скриптердің күрделенуі, әлеуметтік желілер мен мес­сенждерлердегі чат-боттар т.б. медиа тех­нология­лар­дың көз ілеспес жылдам­дықпен дамып жатқандығы туралы әсер­лері­мен бөлісті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жур­налистика факультетінің дека­ны С.Ме­деубек «Қазіргі жас­тар жаңа техно­ло­гияларды мамандық­тың рухани құрамдас бөлігі гума­нис­тік базиспен үйлестіре білуі керек», – деп мұндай кездесулердің ма­ңызын атап өтті. ЮНЕСКО, халықаралық жур­на­­лис­тика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Н.Шың­ғысова коммуни­кативтік сала­дағы мамандарды оқытудың отан­дық бәсекеге қабілетті білім беру моделін қалыптастырудағы оқы­тушылар мен практик-ма­ман­дар диалогының маңызын атады. Алматы қаласындағы ЮНЕСКО­ Кластерлік бюросының ком­муникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов конференция қатысушыларына сапалы репортаждар негізінде бейбітшілік пен дамуды қолдауға және Орталық Азиядағы білімге қол­же­тімділікке бағыт­талған «2018-2019 жылдардағы Орталық Азия­да­ғы коммуникация және инфор­ма­ция» атты ЮНЕСКО бағ­дар­ла­ма­сын та­ныстырды. Бағдар­ла­ма­ның басым ба­ғыттары ретінде интер­нет және оффлайн­дағы пікір еркін­дігіне, журналис­тер­дің қауіп­сіздігіне жәрдемдесу, тәуелсіз БАҚ-тарды қолдау т.б. аталды. Проректор – Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму инсти­туты­ның директоры Рафис Абазов тыңдаушылардың назарын әл-Фара­би атындағы ҚазҰУ-дың «жа­сыл» коммуникацияны ұйым­дас­ты­рудағы, АКТ дамытудағы және тұрақты даму мақса­тында білім берудегі рөліне аударды. «Біз ҚазҰУ кампусын бұдан да жасыл­дан­дыра аламыз, университетті де, Алматыны да жасыл қала жасауға болады және ол біздің міндетіміз. Бұл қадам Қазақстанды өңірлік орталық ретінде бұдан да жасыл, тұрақты және өмір сүруге қолайлы етеді», – дей келе, келесі мәселе­лер­ге баса көңіл ауда­руды ұсынды: білім беру концепциясын тұрақты даму мүддесі тұрғысынан талқы­лау; ең үздік білім беру модельдеріне бағыт­талу, креативтілік, түрлі мә­де­­ниеттер мен мамандықтар қоғам­­­дастықтарымен жұмыс істей білу; ҚазҰУ ғалымдары әлемдік ғылым мен техниканың дамуына үлестерін қосуы тиіс, бұл бағытта шет­елдік мемлекеттердің тәжіри­белерін жете білу. Осының барлығы ҚазҰУ-ды бұдан да та­нымал, бәсе­кеге қабілетті етеді және әлем­дік аренадағы университеттің мәрте­бе­сіне тікелей ықпал етеді. ОА Internews өкілдігінің кеңес­шісі Гүлнар Асанбаева медиаса­уаттылықты дамытудағы жастар­мен үнемі жұмыс істеудің, сыни ойлаудың маңызына тоқ­талды. Ал «Әділ сөз» сөз бостандығын қор­ғау халықаралық қорының сарап­шысы Ғалия Әженова аза­мат­тық журналистиканың маңы­зы­на назар аударды. Конфе­рен­ция­да сөз алған Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары да өзекті ойларын ірікпей ортаға сал­ды. Аязби Бей­сен­­­құлов (АТХУ про­фес­соры) медиа­ ландшаф­тың жылдам өзгеріп жатқанын тілге тиек етсе, Мадияр Сауд­баев (С. Деми­­рель атын­дағы СДУ) пен Зәу­реш Қой­гел­­диева ( М.Дулати атын­дағы ТМУ) журналистердің кәсіби құзірет­ін күшейту қажетін баса айтты. Бүгінгі аудитория кеңіс­тік пен уақытқа бағынбайды, тұты­ну­шы жаңалықты өзіне ыңғай­лы жер­ден қай кезде болмасын ала береді. Сондықтан бәсекеге қабі­лет­­ті болу үшін журналист жылдам, са­уатты әрі қызықты ақпарат бере білуі тиіс. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профес­соры Жетпісбай Бекболатұ­лы халықара­лық журналистиканы оқытудың модель­деріне тоқталды. «Халықаралық журна­лис­терді келе­сі бағыттарда оқыту қажет: бірін­шіден, тілдік дайындық, екін­ші­ден, құқықтық, яғни, шетел­дегі журна­лист қызметін құқықтық рет­теудегі негіздерін үйрету, үшін­шіден, жур­на­листік дайын­дық, мақала жазу машығы, сыртқы саяси сарап­та­ма жасай білу т.б. қазақстандық педа­гог­тарға өзінің жеке моделін жасау қажет», – деді Ж.Бекболат­ұлы. Конференцияның қатысушы­лары білім беру мен журна­лис­ти­каның да­муындағы көкейкесті тақы­­р­ып­тарды дер кезінде талқы­лаудың маңызын атады. Кездесу эдью­тон және жаңа білім­нің инно­­ва­циялық үдеріс­те­рін бағалау фор­матында өтті.

Назгүл Шыңғысова, Филология ғылымдарының докторы, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Елена Дудинова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті