85 мыңнан астам азамат жеке Электронды цифрлық қолтаңбаны e-gov арқылы алған
85 мыңнан астам азамат жеке Электронды цифрлық қолтаңбаны e-gov арқылы алған
Фото: Интернеттен алынды
2,143
оқылды
Төтенше жағдай кезінде электронды үкіметтің онлайн қызметіне жүгінгендердің саны көбейген. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспановтың айтуынша,  байланыс орталығының 1414 операторлары мен қызметкерлерінің саны 200-ден 2000-ға дейін артты. Күн сайын 400-ге дейін қоңырау келіп түседі, ең көбi сағатына 600 000-ға дейін қоңырау тіркелді. ТЖ кезінде электрондық үкімет порталына түсетін жүктеме 20 есеге артты. Порталдың жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін 2 000 астам процессор және басқа да жүйе құраушы бағдарламалар бөлінген. 85 461 жеке тұлға және 11 337 заңды тұлға ЭЦҚ-ны egov арқылы онлайн алды.