"Қазгидромет" РМК ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
13 сәуірде Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 13 сәуірден күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, оңтүстік- батыстан соққаң желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%, - делінген хабарламада.
13 сәуірде Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.
13 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
13 сәуірде күндіз, 14 сәуірде тәулік бойында Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, жел батыстан, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
13 сәуірде Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласында күндіз 13 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 18 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.