Халық әлі коронавирусқа сенбейді
Халық әлі коронавирусқа сенбейді
© inform.kz
2,242
оқылды
BISAM Central Asia әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығы Covid-19 пандемиясына және қолданыстағы карантиндік шараларға байланысты қоғамдық сауалнаманы қайтадан жүргізді. Оның нәтижесі төмендегідей: ? Сауалнамаға қатысқандардың көбі коронавирустың қаупіне сенбейді. Наурыздың ортасында бұндай пікірдегілер 60% құрады, сәуірдің алғашқы онкүндігінде –  3%-ға төмендеген; ? Үкіметтің іс-әрекетін мақұлдау пайызы өзгерді. Сауалнамаға қатысқандардың 72%-ы Қазақстан Үкіметі коронавируспен тиімді күресіп жатқанын мойындады  (наурызда сауалнамаға қатысқандардың 61%  солай деген); ? Наурыздың ортасында олар коронавирустың таралуын тоқтатуға көмектесе алатын болса, кейбір құқықтары үшін  құрбандыққа баруға дайын екендіктерін мәлімдеді. Сәуірдің алғашқы онкүндігінде бұл көрсеткіш 80% құрады. Жалпы алғанда елдегі ахуал алаңдатарлық. Сауалнамаға қатысқандарың жартысы ғана әзірге коронавирусқа қарсы күрес шараларын іске асырудан материалдық және әлеуметтік қиындық көрмеген. ? Бұрын толық жұмыс күнінде еңбек еткендерден сауалнамаға қатысқандарың 40%-ы ғана зардап шекпеген. ? Кәсіпорындар жұмысының тоқтауына байланысты сауалнамаға қатысқандарың 27%-ы  төленбейтін демалысқа жіберілген. ? 11%-ы жұмысын жоғалтқан. ? 7%-ы жарты жұмыс күніне көшірілді. ? 17%-дан астам адам басқа да себептерге байланысты табысының көбінен айырылған.