Ақмола облысында коронавирустан көз жұмған адамның өкпесі қабынған
Ақмола облысында коронавирустан көз жұмған адамның өкпесі қабынған
tengrinews.kz
184
оқылды
Ақмола облысында коронавирустан тағы бір адам көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облысындағы коронавирус індеті бойынша өткен онлайн брифингте Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов айтты. «Ақмола облысында 13 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустан тағы бір адам көз жұмды. Жалпы алғанда өңірде 71 адам коронавируспен ауырса, оның ішінде төртеуі қайтыс болды», - дейді Сүлен Ілиясов. Оның айтуынша, қайтыс болған 1936 жылы туған ер адам. «Ол әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы адам. 5 сәуірден бастап ол Көкшетаудағы теміржол ауруханасындағы провизорлық стационарда карантинде болған. 9 сәуірде диагнозы анықталып, Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансердің жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болған. Диагнозы екіжақты өкпенің қабынуы, өте ауыр деңгейде. Қосалқы дерттері: артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы», - дейді ол. Стационарда 347 науқас жатыр. Cоның ішінде жұқпалы аурулар бөлімінде - 67, правизорлық стационарда - 184, карантин бөлімінде 96 адам жатыр. Үй жағдайындағы карантинде – 662 адам бар.