Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың бестен бірі - дәрігерлер
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың бестен бірі  - дәрігерлер
© inform.kz
167
оқылды
Медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтыру жағдайлары республиканың 13 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіркелген. Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлім етті. «Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 21 адам ауыр жағдайда жатыр. Вирусты жұқтыру жағдайының күндік өсімі шамамен 9,9 пайызды құрайды. Өткен тәулікте бүкіл республикада 86 жағдай тіркелді. Атап айтқанда Нұр-Сұлтанда - 20, Алматыда 28 адам коронавирусты жұқтырды. Күндізгі және стационарлық карантинде жатқан адамдардың саны – 34 236. Оның ішінде пациенттердің 68 пайызы үй карантинінде», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында. Комитет төрағасы сонымен қатар медицина қызметкерлерінің коронавирусты жұқтыру фактілеріне кеңірек тоқталды. «Қазіргі таңда 211 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған. Яғни жалпы науқастардың 20,5 пайызы – медицина саласының қызметкерлері. Бәрі де медициналық ұйымдарда тіркелген. 13 облыста осындай оқиғалар орын алса, ең көп жағдайды Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, СҚО және Атырау облыстарынан байқауға болады. Вирус жұқтырған 211 адамның 74 жағдайы – профильді стационарларда еңбек ететіндер. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиндік орталықта 20 адам, провизорлық стационарда - 10 (Қарағанды, СҚО, БҚО, Түркістан), инфекциялық ауруханаларда 44 медициналық қызметкер (Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда) коронавирусты жұқтырған», - деді ол.